Еліміздің бес облысында су басу қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды

02 сәуір, 2018, 10:20 1401
Еліміздің бес облысында су басу қаупіне байланысты дабылды ескерту жарияланды

Дабылды ескерту Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында жарияланды.

Ауа температурасының жоғарылауына байланысты Қазақстанның бес аймағында су басу қаупі бар, жел күшейеді BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.

3-4 сәуірде Павлодар облысының өзендерінде, оң мәнді ауа температурасының жоғарылау болжамына, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан тасталатын судың жоғарылауына байланысты, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.

2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.

2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, жергілікті бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басу қаупі бар.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #Қазгидромет #су тасқыны

Читайте также

Похожие новости