Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

22 қараша, 2018, 15:36 3162
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер БҚО-да, Орал қаласында, Жамбыл және Қостанай облыстарында қатты жел соғады деп ескертеді.

23 қарашада Батыс Қазақстан облысы бойынша күндіз кей жерлерде бұрқасын, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді, деп хабарлайды BNews.kz  24.kz-ке сілтеме жасап.

Орал қаласында 23 қарашада күндіз солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с дейін күшейеді. 22 қарашада күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыс, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса күтіледі. 23 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, онтүстік-батыстан жел 15-20 м/с күтіледі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар