Еліміздің бірқатар өңірінде оқушыларға сабақ болған жоқ

05 ақпан, 2019, 10:03 1237
Еліміздің бірқатар өңірінде оқушыларға сабақ болған жоқ

Кей аймақта аяз минус 28-33 градуске жетеді деп болжануда.

Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздегі бірқатар өңірде сабақ болмайды. Ақмола облысының мектептерінде бүгін сабақ болған жоқ, деп хабаралады 24.kz

"5 ақпанда Ақмола облысында минус 28-33 аяз. 0-11 сынып аралығында сабақ болмайды", – делінген ТЖК таратқан хабарламада.

Облыс орталығы Көкшетау қаласында бүгін 0-11 сынып оқушылары оқымайды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының бірқатар ауданында да бүгінгі сабақ өткізілмейтін болды. Облыстық Білім басқармасының ақпараты бойынша, 5 ақпанда  Семей қаласында ( ауа темперетурасы -27, жел 2 м/с) 1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды. Риддер қаласы (-28)  1 ауысымдағы 1-9 сынып аралығында сабақ болмайды. Шемонаиха ауданында (-31) 1 ауысымдағы 1-4 сыныптың оқушылары оқымайды. Бесқарағай ауданында (-33) 1 ауысымдағы 1-11 сынып аралығындағы оқушыларға сабақ өткізілмейді.

Қостанайда бүгін температура 28-30 градус аяз, желдің жылдамдығы 15 м/с, кейде екпіні 18 м/с жетуі ықтимал. Сондықтан Қостанай қаласында бірінші ауысымдағы 0-9 сыныптар арасында сабақ болмайды. Павлодар облыстық білім басқармасының хабарлауынша, өңірде 5 ақпанда 1 ауысымдағы 1-11 сыныптарда сабақтар өткізілмейді. Өңірде температура минус 33 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с. Еске сала кетсек, синоптиктер 5-7 ақпанда күн күрт суытып, кей өңірлерде 45°С аяз болады деп болжаған. 

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#ауа райы #балалар

Читайте также

Похожие новости