Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 шілде, 20:05 2105
Еліміздің екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында күн күркіреп, шаңды дауыл соғады.

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке  сілтеме жасап. 17 шілде күні Атырау облысында кей жерлерде күн күркіреп, шаңды дауыл көтеріледі, 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Күндіз кей жерлерде 38 градус ыстық сақталады.

17-18 шілде күндері Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз кей жерлерде кенеттен катты дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал. Орал қаласында 17 шілдеде найзағай ойнап, желдің екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді, күндіз қатты дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары