Еліміздің қай өңірлерінде ең көп салықтан жалтарушылар тұратыны анықталды

11 тамыз, 2018, 15:46 3100
Еліміздің қай өңірлерінде ең көп салықтан жалтарушылар тұратыны анықталды

Жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша жалпы сомасы 26,9  млрд теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті, осы жылдың 1 тамыз жағдайына  жеке тұлғалардың төленбеген салық бойынша жалпы сомасы 19,4 млрд теңгені құрайтынын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz

Уақытында төленбеген есептелген өсімпұлдар соммасы – 7,5 млрд теңге.  

"Осылайша жеке тұлғалардың салық берешегі бойынша жалпы сомасы 26,9  млрд теңгені құрайды. Осы жылдың басымен салыстырғанда жеке тұлғалар бойынша бересі 6,7 млрд.теңгеге немесе 52% өсті", - делінген хабарламада.

Жеке тұлғалар бойынша салық берешегінің ең үлкен соммасы келесі аймақтарға келеді:

- Алматы қаласы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 7,2 млрд теңге  немесе 27,0%; 

- Астана қаласы  – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,6 млрд теңге  немесе 13,3%;

- Алматы облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 3,1 млрд теңге  немесе 11,4% ;

- Онтүстік Қазақстан облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 2,7 млрд теңге  немесе 9,9% ;

- Қарағанды облысы – жалпыреспубликалық салық берешегі сомасынан 1,8 млрд теңге  немесе 6,8%.

Республика бойынша жалпы борышкерлер саны 1 409 864 құрайды, бұл ретте жылдың басымен салыстырғанда төлемеушілер саны 179 484 немесе 14,6%-ға ұлғайды.

Борышкерлердің ең үлкен саны келесі аймақтарда кездеседі: Алматы облысы – 212 180 жеке тұлғалар; Онтүстік Қазақстан облысы – 209 239 жеке тұлғалар; Астана қаласы – 137 574 жеке тұлғалар; Алматы қаласы – 127 219 жеке тұлғалар; Жамбыл облысы – 120 016 жеке тұлғалар.

"Салық кескінінде ең үлкен берешек жеке тұлғалардың көлік салығы бойынша – 20,2 млрд теңге немесе салық берешегінің жалпы сомасынан 75,1%-ды құрайды. Бұл ретте көлік салығы бойынша борышкерлер саны – 842 213", - деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Көлік салығы бойынша ең үлкен берешек соммасы келесі аймақтарға келеді: Алматы қаласы – 4,9 млрд теңге; Астана қаласы – 3,0 млрд теңге; Онтүстік Қазақстан облысы – 2,2 млрд теңге; Алматы облысы – 2,0  млрд теңге, сондай-ақ Жамбыл облысы – 1,5 млрд теңге.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #салық

Читайте также

Похожие новости