Еліміздің кей аймақтарында ауа райы суытады - Жаңалықтар | BNews

Еліміздің кей аймақтарында ауа райы суытады

16 сәуір, 13:06 2336
Еліміздің кей аймақтарында ауа райы суытады

Республиканың басым бөлігінеде жауын-шашынды болады.

Алдағы тәулікте Қазақстан аумағында қысқа мерзімге жауын-шашын басылып, ауа температурасы көтеріледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Одан кейін 18 сәуірде батыста, 19 сәуірде солтүстікте жауын жауып, кей жерлерде оның арты қарға ұласады. Түнде батыста ауа температурасы 0+5 градуске дейін төмендесе, солтүстік пен орталық аймақтарда 0-8 градуске дейін суытады.

"Каспий теңізінің оңтүстігінде кезекті циклон қалыптасып, ол солтүстік-батысқа жылжып жауын-шашын мен күннің суытуына әкеледі. Оңтүстік пен оңтүстік-батыста 19 сәуір күні жауын аралас қар жауы мүмкін", - делінген таратылған мәлімдемеде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары