Еліміздің мемлекеттік қызметкерлері жасыл технологияларды дамытуда неміс тәжірибесіне сүйенбек

08 ақпан, 2019, 09:52 9861
Еліміздің мемлекеттік қызметкерлері жасыл технологияларды дамытуда неміс тәжірибесіне сүйенбек

Сондай-ақ, олар Германиядағы стартап-жобаларды қолдау мен шағын және орта бизнестің жұмысына қызығушылық танытты.

Қазақстандық мемлекеттік қызметкерлер индустрияландыру мен жасыл технологияларды дамыту барысында неміс тәжірибесіне сүйене алады, деп хабарлайды BNews.kz "Хабар 24" порталына сілтеме жасап.

Қаржы, білім мен ғылым және ұлттық экономика министрліктерінің 24 маманы, сондай-ақ Есеп комитеті мен әкімдіктердің өкілдері Германияда экономиканың осы салалары бойынша тәжірибеден өтті. Стартап-жобаларды қолдау мен шағын және орта бизнестің жұмысымен танысты. Тағылымдама барысында мемлекеттік қызметкерлер неміс Парламенті, Еуропалық инвестициялық банк пен сауда және инвестициялар агенттігінде болды.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистранты Айбек Ибатуллин Германияда жалпы шағын және орта бизнес экономиканың 70 пайызын құрайтынын атап өтті.

"Біз Еуропалық инвестициялық банкте болдық, тәжірибеде шағын және орта бизнеске көңіл бөлінді. Германияда жалпы шағын және орта бизнес 70 пайыз экономиканы құрап отыр. Осы себепті біздің елге бұл өзекті болып отыр", - деді Айбек Ибатуллин.

Оның айтуынша, себебі қазіргі уақытта шағын және орта бизнес бұл экономиканың драйверіне айналуда, соның ішінде тәжірибе кредиттерді беру, ал берместен бұрын жалпы нәтижелілігіне көңіл аудару, яғни қорытындысында қандай әсер етеді, қанша жұмыс орындары ашылатын болады, осының барлығына анализ жасап, макроэкономикалық зерттеу арқылы қолдануға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар