Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды

7 Февраля, 2019, 16:26 2407
Еліміздің бес облысында дауылды ескерту жарияланды |  | BNews.kz

Аймақтарда қатты аяз бен кей жерлерде жаяу бұрқасын болады.

Қазақстанның Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, оңтүстік-шығыс, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Астана қаласында 8 ақпанда түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады. Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%. 

"Түнде 8 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты аяз 40 градус сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 8 ақпанда бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстаң соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%", - делінген хабарламада.

8-10 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман; 9-10 ақпанда кей жерлерде көктайғақ, оңтүстік-шығыс, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдығы – 90-95%.

8 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Таңертен және күндіз оңтүстіктен жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Қостанай қаласында күндіз 8 ақпанда жаяу бұрқасын, оңтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

Сонымен қатар, 8 ақпанда түнде Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -42 градусқа дейін төмендеп, қатты аяз болады.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13933

Похожие новости