Еліміздің үш аймағында дабылды ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Еліміздің үш аймағында дабылды ескерту жарияланды

17 мамыр, 17:32 2787 Қазақстан жаңалықтары
Еліміздің үш аймағында дабылды ескерту жарияланды

Қатты жел болады деп күтілуде.

Ертең Қазақстанның үш аймағында қатты жел болу ықтималдығына байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

18 мамырда Ақмола облысында оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде кей жерлерінде - 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, кей жерлерінде - 25 м/с. Кей жерлерде тұман күтіледі. Күндіз кей жерлерде найзағай күтіледі.

Астанада 18 мамырда күндіз оңтүстік, оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Күндіз 18 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Петропавл қаласында күндіз 18 мамырда солтүстіктен желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

18 мамырда тәулік бойы Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күтіледі

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары