Еліміздің үздік спортшылары 4 желтоқсанда анықталады

28 қараша, 2018, 12:23 1660 Астана
Еліміздің үздік спортшылары 4 желтоқсанда анықталады

Қазақстан ҰОК Спорттық жүлдесі биыл төртінші рет өткелі отыр.

4 желтоқсан күні қазақстандық үздік спортшылар анықталады. 2018 жылғы Ұлттық спорттық жүлденің дауыс беру мерзімінің аяқталуына бір аптадан аз уақыт қалды. 3 жетоқсан күні сағат 23:59-да дауыстарды қабылдау тоқтатылады. 19 қарашадан бастап бүгінге дейін 116 мың дауыс қабылданды, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан ҰОК Спорттық жүлдесі биыл төртінші рет өткелі отыр. Жылдағы дәстүр бойынша жеңімпаздарды жанкүйерлер анықтайды. ҚР ҰОК ресми сайты www.olympic.kz-те тоғыз аталым бойынша дауыс беру жалғасуда. Сайтта 2018 жылы толағай табыса жеткен спортшылар тізімі жасақталған. 

"Кейбір аталымдарда өзгелерге шаң қаптырып кеткен үздіктер сұлбасы анықталып қойды, ал басқаларында жеңімпаздар арасын санаулы ұпайлар ғана бөліп тұр. Жанкүйерлерге өз жүйрігін таңдау мүмкіндігі әлі де бар. Барлық аталым бойынша ұсынылған бапкерлер мен спортшылар биылғы маусымның сөзсіз қаһармандары саналады", - деп хабарлады Ұлттық Олимпиада комитетінде.

Өйткені, шорт-листке олимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық федерациялардан келіп түскен өтінімдер ғана қабылданды. 

Салтанатты түрде марапаттау рәсімі 2018 жылдың 4 желтоқсанында өтеді. Жүлденің телевизиялық нұсқасын "Qazaqstan" және "Qazsport" телеарналары көрсетеді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар