Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-та "Төрт құрлық чемпионаты" турниріне қатысады

06 ақпан, 2019, 13:21 1656
Элизабет Тұрсынбаева АҚШ-та

Сондай-ақ, ерлер арасында Қазақстан намысын Никита Манько қорғайды.

Бүгін АҚШ-тың Анахайм қаласында мәнерлеп сырғанаудан "Төрт құрлық чемпионаты" турнирі басталады. 5-10 ақпан аралығында өтетін чемпионатқа Америка, Азия, Африка, Австралия мен Океания аймағының спортшыларымен қатар, Қазақстан атынан Элизабет Тұрсынбаева мен Никита Манько қатысады, деп хабарлайды BNews.kz ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Элизабет Тұрсынбаева турнирге дайындық кезеңін Мәскеуде бапкері Этери Тутберидзенің қол астында өткізді. Анахайм айдынында біздің спортшы кіл мықтылармен бірге сынға түспек. Атап айтар болсақ, Гран-при турнирлерінің жеңімпазы, жапондық Рика Кихира, Маи Миахара, Каори Сакомото, сондай-ақ, Канаданың екі дүркін чемпионы Ален Шартрандар чемпионатта бақ сынайды. 

"Төрт құрлық чемпионаты" аяқталған соң, Тұрсынбаева Ресейде өтетін Универсиада ойындары мен Жапониядағы әлем чемпионатына қатысады. 

Ерлер арасында Никита Манько аталған турнирге алғаш рет қатысқалы отыр. 

Әйелдер бәсекесі 7 ақпанға, ерлер додасы 9 ақпанға жоспарланған. 

Былтырғы маусымда "Төрт құрлық чемпионатын" әйелдер арасында жапониялық Каори Сакомота, ерлер арасында қытайлық Цзинь Боян жеңіп алған. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

#спорт #АҚШ

Читайте также

Похожие новости