Елорда 20 жылдығының логотипі мен ұраны бекітілді - Жаңалықтар | BNews

Елорда 20 жылдығының логотипі мен ұраны бекітілді

02 ақпан, 17:52 2202 Астана
Елорда 20 жылдығының логотипі мен ұраны бекітілді

Жаңа логотип символикалық түрде Самрұқ құсының шеңбер жасап тұрған қанатын сипаттайды.

Астанада елорданың 20 жылдығына арналған үздік брендбук байқауының қорытындылары жарияланды. Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша ТОО KazUnionConsult компаниясы жеңімпаз болды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жаңа логотип символикалық түрде Самрұқ құсының шеңбер жасап тұрған қанатын сипаттайды. Шеңбер барлық көне дінде аспан көкжиегін білдірген. Кез келген табиғат көзінің энергия ең көп шоғырланған орны болады. Күн – жылу мен тіршілік көзі. Сол сияқты елордамыз Астана да шуағын елімізге шашып тұр. Шеңбер іспетті қанат Астананың құрылыуы мен дамуына еліміздің барлық тұрғынының үлес қосып жатқанын бейнелейді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары