Елорда әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жариялады

6 Марта, 2018, 10:37 1246
Елорда әкімдігі ауа райына байланысты ескерту жариялады |  | BNews.kz

Қазгидрометтің мәліметі бойынша 6 наурызда Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің сайты хабарлады. 

Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауған желдің жылдамдығы таңертең 9-14 м/с, күндіз 15-20 м/с құрап, кейде оның екпіні 23-28 м/с-қа дейін жететін болады. Түнде сынап бағанасы - 4-6 градус аязды, күндіз -3-5 градус жылылықты көрсетеді деп болжануда. 

Сабақтың өткізілмейтіндігі жөніндегі шешім шығарылған жағдайда, ақпарат бекітілген алгоритмге сәйкес бірінші ауысымның оқушылары үшін сағат 06:15-те, екінші ауысымның оқушылары үшін сағат 12:00-де берілетін болады. 

Ақпарат Білім басқармасының ресми интернет-ресурсында (bilim.astana.kz ) және Facebook әлеуметтік желісіндегі  Астана қаласы Білім басқармасының парақшасында (https: //ww.facebook.com/bilimastana) жарияланып, мектептердің жетекшілеріне, БАҚ-на тартылады. 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты құтқарушылар қызметтің күшейтілген режиміне көшеді. Елорда әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын астаналық ТЖД-нің ұсыныстарын назарға алуды сұрайды:

- мұқият болыңыз, ауа-райының өзгеруі туралы ақпаратты және енгізілген шектеулерді жіті қадағалаңыз;

- желдің күшеюі кезінде ғимараттан шықпауға тырысыңыз; 

- балаларды ерекше бақылауға алыңыз және қараусыз қалдырмаңыз; 

- көшеде бағандардан, ағаштардан, жарнамалардан, ЭЖЖ және сымдардан алыс жүруге тырысыңыз. Егер қатты желде Сіз көшеде қалып қойсаңыз, ғимараттардың кіреберісін  және жер асты өтпе жолын паналаңыз; 

- жеке автокөлігіңізді ағаштар мен ескі құрылыстардан алыс қойыңыз. 

- балконыңызға тексеру жүргізіңіз. Балкон қабырғасына барлық жеңіл және көлемді заттарды жіппен бекітіңіз немесе бөлмеңізге кіргізіңіз. Әйнекті барынша сынудан қорғап, терезе жақтауларын бекітіңіз; 

- жылыту пештері мен тұрмыстық жылыту құрылғыларын қолдану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар! 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда "12" нөміріне қоңырау шалыңыз!

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13853

Похожие новости