Елорда әкімдігінде "Нұрлы жер" бойынша проблемалы нысандардың құрылысы талқыланды

Написать нам
15 мамыр, 2018, 10:57 1781 Астана
Елорда әкімдігінде

Кезекті апталық аппарат жиыны Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өтті.

Астана әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен өткен кезекті апталық аппарат жиынында тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері қаралды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошун әкімге "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша қалада проблемалы нысандардың құрылысы аяқталғалы жатқаны туралы баяндады. 

"Өкілетті ұйымдардың проблемалы нысандардың құрылысын аяқтау бойынша – "Елорда құрылыс компаниясы" ЖШС бүгінде ведомствоаралық комиссия ұсынған 23 проблемалы нысанмен жұмыс жүргізуде ("ИСК ЖШС "ASI" – ТК "Шығыс" және "Жағалау", "Азбуки жилья" тұрғын үй кешені, "Мой мирный дом", "Баспана", "Арыстан", "Тұран Сығанақ", "Столичный-2" тағы басқа тұрғын үй кешендері)", – деп хабарлады Сергей Хорошун.   

Оның айтуынша, орындау үшін "Бәйтерек девелопмент" АҚ 40 млрд теңге мөлшерінде 4 жыл мерзімге жартыжылдық сыйақысымен қоса 0,4% көлемінде жылдық сыйақымен займға келісім жасалды. Қазіргі таңда алғашқы 4 млрд теңге көлемінде транш алынды. 

2 мамыр 2018 жылы "Шығыс" ТК құрылысын аяқтау бойынша алғашқы бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келісімге қол қойылды.  Өкілетті ұйым жуық арада "Шығыс" пен "Жағалау" тұрғын үй кешендерінің 7 нысанын бірлесіп жасау туралы келісімге қол қоймақ. 

"Сонымен бірге осы жылы ведомствоаралық комиссия ұсынған, жалпы саны 7 381 үлескері бар 15 проблемалы тұрғын үй кешеніне қатысты келісімшарт бекіту жоспарлануда", – деді ол.   

Барлық проблемалы оъекті бойынша қаржылай және техникалық аудит және мемсараптаманың оң қорытындысы берілген объектілерде жобаны экономикалық қонымды түрде қамтамасыз ету үшін қаржы үлгісі (қаржы талдауы) жұмыстары жүргізу; жобалау-ізденіс жұмыстарын өңдеу және жобалау-сметалық құжаттама; бөлінген жер учаскесіне орай қосымша тұрғын үй алаңы құрылысын анықтау; сондай-ақ ТҚК қатысушылары мен үлескерлерге  тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу жұмыстары атқарылып жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар