Елорда емханалары сәуір айына дәрімен толық қамтамасыз етілді

20 сәуір, 2018, 11:11 3188
Елорда емханалары сәуір айына дәрімен толық қамтамасыз етілді

Қазақстандықтарды амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 421 атауы сатып алынды.

Астана қаласының емханаларына дәрілік заттарды жеткізу жоспары сәуір айындағы жағдай бойынша толықтай орындалды, деп хабарлайды BNews.kz.

Денсаулық сақтау министрлгі баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәрілер ШҚО, Алматы облысына және Алматыға  толық жөнелтілді – бұл өңірлерде дәрілерді жөнелту жоспары 99%-ға орындалды. Еліміздің медициналық ұйымдарында дәрілік заттарды жеткізу жалғасуда.

Тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін дәрілер мен  медбұйымдар емханалардан түскен өтінімдерге сәйкес бүкіл ел бойынша 391 медициналық ұйымға түсуде. Ағымдағы сәтте тегін дәрі-дәрмектер медициналық ұйымдарға 25,6 млрд. теңге сомасына жеткізілді.

"СҚ-Фармация" ЖШС төрағасының міндетін атқарушы Шария Исмуханованың айтуынша, бүгінгі күні дәрі-дәрмектің көп бөлігі ШҚО - 3,3 млрд. теңгеге жөнелтілді. Алматыға препараттар 3,1 млрд. теңгеге сомаға жөнелтілді. Қарағанды облысына - 2,6 млрд. теңгеге, Астана қаласы бойынша жалпы сомасы  2,4 млрд. теңгеден астам сомаға дәрі-дәрмектер түсті.

Бірыңғай дистрибьютор басшысы БҚО, ОҚО, Қостанай, Жамбыл, Ақмола, Маңғыстау, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында – дәрілік заттарды есепке алу және өткізу қызметтері сатып алынған жеке меншік дәріханалық желілер арқылы, ал қалған сегіз – Алматыда, Астанада, Алматы, Атырау, Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО және СҚО-да дәрілер емханалардағы дәріханалар арқылы босатылады. Бұл аймақтарда дәрілерді есепке алу және өткізу қызметтерін сатып алуға үнемделген ақша қаражаты қосымша дәрі-дәрмектер сатып алуға бағытталатынын айтты.

"Ағымдағы жағдай бойынша қазақстандықтарды амбулаториялық деңгейде дәрімен қамтамасыз ету үшін тізімдегі 494 атаудан дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың 421 атауы сатып алынды. Тұтастай алғанда, Бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша, амбулаториялық және стационарлық деңгейде дәрімен қамтамасыз етуге арналған 1040 атауы сатып алынған, ол жалпы қажеттіліктің 95%-ын құрайды. Сатып алынбаған препараттар бойынша қайтадан тендер рәсімдері өткізілуде, қорытындысы сәуірде шығарылатын болады", - дейді Шария Исмуханова. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар