Елорда мектептеріндегі бейнебақылау камералары "Сергекпен" біріктіріледі

29 қаңтар, 2019, 12:38 1588
Елорда мектептеріндегі бейнебақылау камералары

Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы камераларды орнату жұмыстарын бастады.

Астана мектептеріне бейнебақылау камералары орнатылады, деп хабарлайды BNews.kz Елорда Ақпаратқа сілтеме жасап.

"Сергек" фото-бейнебақылау камераларын орнату жобасын жүзеге асырудың арқасында қала бюджетіне 2 млрд теңгеден астам қаржы түсті. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Әлішер Әбдіқадыров мәлімдеді.

"Біз мектептерге бейнебақылау камераларын орнату және оны "Сергек" жобасымен біріктіру жұмыстарын бастадық", - деді ол сөз баяндамасында.

Оның айтуынша, Астананың жолдары - еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың бірі.

"Елордалық жүргізушілер тәртіпті болды, бұл жол апаты көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді. Жобаның арқасында 2017 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасындағы өлім екі есеге (60-тан 34-ке дейін) азайып, жол-көлік оқиғаларының жалпы саны 20%-ға төмендеді", - деп қосты спикер.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #бейнебақылау #камера #мектеп

Читайте также

Похожие новости