Елорда полициясы сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер қауіпті екенін ескертті

14 желтоқсан, 2018, 19:37 3212
Елорда полициясы сертификаты жоқ пиротехникалық өнімдер қауіпті екенін ескертті

Полиция айналадағы адамдардың қауіпсіздігін естен шығармау керектігін баса айтты.

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Астана қаласы полициясы қала тұрғындарын пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алмауға шақырады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертті.

"Пиротехникаларды қолдан, автокөліктен немесе белгіленбеген орындардан алған дұрыс емес. Полиция пиротехникалық бұйымдарды тиісті рұқсатсыз сату Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынғанын ескертеді. Айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі сіздерге байланысты екендігін есіңізде сақтаңыз", - делінген ПД-нің таратқан хабарламасында.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #полиция #пиротехника

Читайте также

Похожие новости