Елорда тұрғындары мен қонақтарына көшпенділердің өмір салты таныстырылады

13 маусым, 2018, 17:44 2350 Астана
Елорда тұрғындары мен қонақтарына көшпенділердің өмір салты таныстырылады

Фестивальдің бағдарламасына кәсіби садақшылардың, көкпаршылардың, бүркітшілердің сайысы кіреді.

30 маусым мен 1 шілде аралығында Қабанбай ауылында "Көшпенділер әлемі" көшпенділердің ІІІ халықаралық этномәдени фестивалі басталады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Биыл фестиваль Астананың 20 жылдығына орай атап өтілмек. Шараны "KazakhTourism ҰК" АҚ елорда әкімдігі мен Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастыруда.   

Фестивальдің бағдарламасына кәсіби садақшылардың, көкпаршылардың, бүркітшілердің сайысы кіреді. Қонақтар алғаш рет сауыт-саймандары тарихи дереккөздерге негіздеп жасалған батырлардың көрсетілімдік жекпе-жегін тамашалай алады, сондай-ақ батырлардың шабандоздық және атпен шайқасу өнері көрсетілетін болады.

Фестивальға келгендер көшпенділердің тұрмысымен танысуға, қазақстандық қолөнершілерден шеберлік сағатын алуға: киіз басу, былғарымен, күміспен, көзеші ұршығымен жұмыс істеуді үйренуге, көшпенділердің тарихымен Сақ, Қаңлы, Үйсін, Ғұн, Скиф, Сармат, Тиграхауда, Массагет дәуірлерінің костюмді көрсетілімі арқылы танысуға, бүркітшілердің шеберлігі мен аңшы құстардың сұлулығына тамсана алады. Осылайша сан қырлы этномәдениетті сезініп, халықтың өмірі мен салт-дәстүрлері туралы көп мағлұмат алады. 

Бұдан бөлек, фестиваль қонақтарына әлемге танымал этно-музыка орындаушыларының қатысуымен музыкалық бағдарлама әзірленеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар