Елорда тұрғындары "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында баспаналы болды

31 желтоқсан, 2018, 11:22 2681
Елорда тұрғындары

Тұрғын үй "Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана" бағыты бойынша берілді.

Астана әкімі үй кезегінде тұрған елордалықтарға жаңа пәтерлердің кілтін табыстады Жаңа жыл қарсаңында 76 отбасы Лепсі көшесіндегі жаңа тұрғын үйден пәтер алды, деп xабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. Пәтер кілтіне ие болғандар – үй кезегінде тұрған халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері.

Жаңа пәтерлер Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының "Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана" бағыты бойынша берілді.

"Астанаға басқа аймақтардан келіп, елорданың дамуына үлес қосып жатқан жас отбасыларды, кәсіби мамандарды қолдау мәселесі өте маңызды. Жаңа жыл қарсаңында барлық адамдар бір ғажайыптың орын аларына сенеді. Сіздерге осы мереке қарсаңында баспана кілтін тапсырғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің сүйікті Астанамыздың дамуына өз үлестеріңізді қоса отырып, жаңа пәтерлеріңізде қуаныш пен бақыт үстемдік құрсын", - деді құттықтау сөзінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов.

Қоныс тойымен астаналықтарды "Қазақстан Ипотекалық Компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов та құттықтады. "Қоныс тойымен құттықтаймыз! Өздеріңіз білетіндей, біздің елімізде әр азамат үшін мүмкіндігінше арзан тұрғын үй салу үшін көп жұмыс жасалуда. Үш жыл ішінде 1 миллион шаршы метрден астам баспана салғанымызды атап өткім келеді. Осы бағдарламаның арқасында 18 мың отандасымыз көптен күткен тұрғын үйіне қол жеткізді", - деді ол.

Өз қуанышымен жаңадан бой көтерген тұрғын үйдің тұрғындарының бірі бөлісті.

"Мен Астанаға 2002 жылы келдім. Өртке қарсы қызметте жұмыс істей бастадым. Осы салада жұмыс істеп жүргеніме биыл 18 жыл болады. Алдағы Жаңа жылды өз пәтерімізде қарсы алатын боламыз. Бұл біз үшін үлкен қуаныш", - деді Бақытбай Сардарбеков.

Еске салайық, "Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана" - "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының әлеуметтік маңызы бар бағыттарының бірі. Операторы – "Қазақстан ипотекалық компаниясы" ИҰ" АҚ. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі:табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Жолдауында алдағы уақытта ірі қалаларда халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған жалға берілетін баспана құрылысының көлемін ұлғайту міндетін қояды. "Сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана" көпбалалы және толық емес отбасыларға, мүгедектігі бар балаларды, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп жатқан отбасыларға, оралмандарға, I және II топтағы мүгедектерге, мемлекеттік қызметкерлерге,әскери қызметкерлерге, арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлеріне арналған. Сатып алу құқығымен жалға алу мерзімі – 20 жылға дейін. Жалға алу мерзімі өткен соң баспана жалға алушының меншігіне айналады. Мерзімнен бұру сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #Нұрлы жер #тұрғын үй

Читайте также

Похожие новости