Елордада 23 кондуктор 300 мыңға жуық айыппұл төлеуі тиіс - Жаңалықтар | BNews

Елордада 23 кондуктор 300 мыңға жуық айыппұл төлеуі тиіс

16 ақпан, 18:28 693 Астана
Елордада 23 кондуктор 300 мыңға жуық айыппұл төлеуі тиіс

Олар жолаушыларды билетсіз жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жыл басынан бері жолаушыларды билетсіз жүргізгені үшін 23 кондуктор әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін әкімдікте өткен брифинг барысында "Астана LRT" ЖШС-нің көліктік бақылау департаментінің директоры Самат Шаймерден айтты.

"Қазіргі таңда 1 қаңтардан бері жолаушыларды билетсіз жүргізгені үшін 23 кондуктор Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 623-бабының екінші бөлігіне сәйкес жауапқа тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 276 мың теңге. Өткен жылы 239 кондуктор жауапқа тартылған болатын", - деді департамент директоры.

Еске сала кетейік, жыл басынан бері Астанада барлық автобусқа валидатор орнатылды, астаналық автопарк жолақыны электрондық төлем жүргізу жүйесіне көшірді. Қазір жолаушылар қоғамдық көліктерде Astra Plat электрондық картасын пайдалана отырып, төлем жасайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары