Елордада дауылды ескерту жарияланды

23 шілде, 2018, 16:16 1725 Астана
Елордада дауылды ескерту жарияланды

Астана қаласында 23 шілде күні түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астанада және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана қаласында 23 шілде күні түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.

23 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар