Елордада "Достық – бірлік нышаны" фестивалі өтті

01 қараша, 2018, 18:04 4265
Елордада

Жоба шеңберінде дөңгелек үстел мен этномәдени бірлестіктер апталығы өткізілді. 

Жастар фестивалі ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға, өскелең ұрпақтың аға буыннан парасаттылық пен мәдени қасиеттерді бойына сіңіруге бағытталған, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. Шараны ұйымдастырушы – Астана қаласының қоғамдық даму істері басқармасы.

Фестивальға Астана қаласы этномәдени қоғамдық бірлестіктерінің 20-ға жуық жастар қанаты өкілдері қатысты.

"Астана әкімдігі жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында бірқатар жоспарлы шараларды өткізуде. Биыл қоғамдық даму істері басқармасы этномәдени келісім мен достықты бекіту мақсатында түрлі шараларды қолға алған. Бүгінгі мерекелік кеш осы атқарылған іс-шаралардың қорытындысы іспеттес", - деді жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы Бақытжан Жүнісбеков.

Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының бас маманы Алтынай Тайжанованың айтуынша, фестиваль осымен бесінші рет өткізілуде. Қазір қалада қазақстандық жастарды қамтуға арналған кешенді істер атқарылып жатыр. Жоба шеңберінде дөңгелек үстелдер, акциялар, этномәдени бірлестіктер апталығы өткізілді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жастар #фестиваль

Читайте также

Похожие новости