Елордада екі министрліктің қызметкерлері қомақты парамен ұсталды

10 қазан, 2017, 10:13 1020 Астана
Елордада екі министрліктің қызметкерлері қомақты парамен ұсталды

Бұл туралы бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Астана бойынша департаменті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы М.К.Мырзатаевты пара алып жатқан жерінде ұстады. М.К.Мырзатаевтың қылмысы 4,3 млн теңге сомасында кезекті рет пара алу кезінде әшкереленді.

Күдікті мемлекеттік сатып алу қатысушыларынан жеңімпаз деп тану және келісімшарт бойынша жеделдетілген төлем үшін жүйелі түрде пара алып тұрған.

Бұған қоса, осы жылдың 9 қазанында М.К.Мырзатаев мердігерлік ұйымның мүддесі үшін әрекет етіп, 1 млн теңге параны тендер қорытындысын жою үшін ҚР Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бас сарапшысы Е.Б.Медеубековке берген.

Сол күні М.К.Мырзатаев пен Е.Б.Медеубеков ұсталып, Астана ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!