Елордада қауіпсіздік деңгейі арттырылды - Жаңалықтар | BNews

Елордада қауіпсіздік деңгейі арттырылды

01 ақпан, 10:12 1605 Астана
Елордада қауіпсіздік деңгейі арттырылды

Қалалық әкімдікте жасанды интеллект қолданыла отырып, адамның бет-жүзін танитын пилоттық жүйе орнатылды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталмыш жүйе әкімдіктегі негізгі кіреберіске қойылды. Жобаның мақсаты - елордадағы қауіпсіздік деңгейін арттыру. Жүйе адам көп шоғырланған жерлерде орнатылған. Ол "Сергек" бейнебақылау жүйесі серверлеріне қосылатын болады.

"Аталмыш жоба бірінші кезекте қала тұрғындарының қажеттіліктеріне бағытталған. Бұл  жүйенің көмегімен біз қылмыскерлерді, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеп, құқық бұзушылықтарды және т.б. көптеген мәселелерді тексере аламыз", - деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова. 

Адамның бет-жүзін тану жүйесі онлайн тәртіпте жұмыс жасайды, адамның тұлғасын анықтау бірнеше секунд уақыт алады. Адам есікке жақындаған кезде оның бет-жүзі камераға түсіп, кіріп-шығуды бақылау жүйесіне енгізіледі, дыбыстық белгі беріліп, есіктің құлпы ашылады. 

Осы кешен Мемлекет басшысы Жолдауының 9-тармағын орындау аясында іске асырылады, қоғамдық тәртіпті қорғау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелер мен азаматтар көп жиналатын жерлерге интеллектуалды бейнебақылау және тану, жол қозғалысын бақылау жүйелерін белсенді түрде енгізу жоспарланып отыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары