Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

16 қазан, 2018, 17:29 2201 Астана
Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты

Қала көшелерінде 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

Астанада коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Қала көшелерінде 100-ден астам арнайы техника жұмылдырылды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қар жауып, көктайғақ болуына байланысты қалалық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. "Астана-Тазалық" ЖШС-ның мәліметінше, көшені тазалауға және қолайсыз ауа райының салдарын жоюға 100-ден астам арнайы техника шығарылды.

Соның ішінде, "Алматы" ауданы бойынша – 20, "Байқоңыр" ауданы бойынша – 7 бірлік, "Есіл" ауданы бойынша – 32 бірлік, "Сарыарқа" ауданы бойынша – 32. Олар сыпырып-жинайтын машиналар, тротуарларды тазалайтын техника, құм себетін, шнекоротор, автогрейдерлер мен қар тасымалдайтын техника, фронтальді жүк тиегіш, жүктерді өзі түсіретін көліктер.

Бұдан басқа, қарды қолмен тазалауға 213 жол жұмысшысы тартылды.

Айта кетейік, синоптиктердің айтуынша, алдағы үш тәулікте астанада жауын-шашынды күндер мен көктайғақ сақталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар