Елордада көпбейінді ауруханалар пайда болады - Жаңалықтар | BNews

Елордада көпбейінді ауруханалар пайда болады

13 наурыз, 18:15 1506 Астана
Елордада көпбейінді ауруханалар пайда болады

Астанада денсаулық сақтау инфрақұрылымының бірыңғай перспективалық даму жоспары таныстырылды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Науқастар медициналық көмекті бір жерде алуы үшін 2018 жылы Астанада көпбейінді станционарлар құрыла бастайды. Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Тимур Мұратовтың айтуына қарағанда, көпбейінді ауруханалар екі әдіспен құрылмақ.

"Бірінші кезекте, мұндай медициналық ұйымдарды жаңадан құратын боламыз. Олар көпбейінділік түрі бойынша жобаланып, жоспарланатын болады. Біз қандай көпбейінділік жайлы айтып отырмыз? Мұндай аурухана кешені босандыру бөлімшесінен бастап, онкологиялық ауруларды емдейтін бөлімдерге дейін қамтылады", – деді Тимур Мұратов.

Көпбейінді станционарларды құру әдістерінің енді бірі – бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған медициналық қызметтерді біріктіру арқылы ірілендіру.

"Болашақта бөлек онкологиялық, наркологиялық, психиатриялық және инфекциялық қызметтер біртіндеп жойылатын болады. Бұл қызметтердің барлығы бейінді станционарлардың құрамына кіреді. Дәлірек айтқанда, 2018 жылдан 2025 жылға дейін қазіргі күні жұмыс істеп тұрған ауруханаларды бір-бірімен біріктіріп, ірілендіру арқылы медициналық көмек көрсететін үлкен ұйымға айналдыруға тырысатын боламыз", -  деп нақтылады Тимур Мұратов. 

Ұқсас жаңалықтар

`