Елордада күн суытады - Жаңалықтар | BNews

Елордада күн суытады

Написать нам
11 қазан, 2018, 12:36 4074 Астана
Елордада күн суытады

Ауа температурасы түнде 0-2°С дейін төмендейді.

Елордада ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжауынша, 11 қазан күні көшпелі бұлт шығып, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +15...+17°С.

12 қазанда күн бұлттанып, жауын-шашын жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан жел бағытын өзгертіп солтүстік-батыстан 9-14, түнде желдің екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз +5...+7°С болады деп болжануда.

13 қазан күні елордада бұлтты, жауын-шашынды болады. Жел солтүстік-батыстан 7-12, кей жерлерде 15 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +2...+4°С болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар