Елордада мектепке дейінгі мекеменің ең үздік тәрбиешілері анықталды

Написать нам
20 мамыр, 2018, 16:29 2407 Астана
Елордада мектепке дейінгі мекеменің ең үздік тәрбиешілері анықталды

Қалалық сыннан өткен жеңімпаздар "Үздік педагог – 2018" республикалық конкурсына қатысады.

Қалалық сыннан өткен жеңімпаздар осы жылдың тамыз-қыркүйек айында болатын "Үздік педагог – 2018" республикалық конкурсына қатысады, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайты сілтеме жасап. 

Оқушылар сарайында "Үздік педагог – 2018" республикалық конкурсының қаладағы мектепке дейінгі мекемелер арасындағы шешуші кезеңі болып өтті. 

Педагогтарды жетістіктерімен, шығармашылық жұмыстары мен тәрбиеленушілерінің де жетістіктеріне қарап бағалады. 

Жарыстың басты мақсаты – шығармашыл жұмыс істеушілерді, талантты педагогтарды, рухани-мәдени қасиеті жоғары, ғылыми-әдістемелік және ақпараттық мәдениет, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгерген тәрбиешіні анықтау.

Қалалық турдың қорытындысы бойынша Гран-приді №26 "Үміт" ясли-балабақшасының ағылшын тілінен оқытушысы Айдана Әскербекова, 1-орынды №32 "Балдәурен" ясли-балабақшасының тәрбиешісі Гүлнәр Тілегенова, 2-орынды №22 "Әлем" ясли-балабақшасының тәрбиешісі Әлия Алтынбекова және 3-орынды №1  "Бәйтерек" ясли-балабақшасының тәрбиешісі Сайран Тоқмурзина иеленді. 

Сонымен қатар, "Педагог-зерттеуші", "Педагог-новатор", "Педагог-әдіскер", "Педагог-эрудит" номинациялары да табысталды. 

Жеңімпаздарға ақшалай сыйақы мен ескерткіш сыйлықтар берілді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар