Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Написать нам
09 қазан, 2018, 14:53 1468 Астана
Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеге 540 тоннадан астам өнім әкелінеді.

13-14 қазанда Астанада "Қазақстан" спорт кешенінің алаңында Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесіне облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындар мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олар 150 млн. теңге сомасына 541 тонна көлемінде өнім әкелінеді, оның ішінде облыста өндірілетін 55 тоннадан астам ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөніс және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі бар.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық тауар өндірушілердің өнімі астаналықтар тарапынан үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде әкелінген тауарлар толығымен өткен. Республикаға және шет жерлерде танымал бренд "Рубиком" ЖШС, "Кэмми" ЖШС, "Сағып" ШҚ, "Зерноград" ЖШС, "Галицкое" ЖШС, "Шарбақты Құс" ЖШС, "Қызылжар-Құс" ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады. Павлодарлық кәсіпорындар қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. Сонымен қатар, жәрмеңкеде "Шаңырақ" мәдени-сауықтық орталығының ұжымдары мерекелік бағдарлама ұсынады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар