Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Написать нам
13 қазан, 2018, 14:10 2450 Астана
Елордада Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде

Оған 200 тоннадан астам картоп өнімі  әкелінді.

Астанада Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен жәрмеңке өтуде, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысуда, олар 500 тоннадан астам өнім әкелген, оның ішінде 50 тоннадан астам ет өнімдері, 200 тоннадан астам картоп, 100 тоннадан астам көкөніс және 200 тоннаға жуық ауылшаруашылық өнімдері бар.

Павлодар облысының кәсіпорындары қала тұрғындарына азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін ұсынуда. Мысалы, жәрмеңкеде сиыр еті – 1350 теңгеден, жылқы еті – 1550 теңгеден сатылуда және түрлі ет өнімдері бар.

"Мен жәрмеңкеге жиі келемін. Өзіме керекті өнімді сатып аламын. Жәрмеңкенің аты жәрмеңке дегенмен базар бағасынан арзан болады және тауарларының сапасы жақсы. Міне 1550 теңгеден жылқы етін, 2500 мың теңгеден сарымай, картоп, сәбіз алдым. Халыққа төмен бағада өнім ұсынып отырған аймақтарға рахмет. Бастысы бұл өнімдер химия қосылмаған таза өнімдер ғой", - дейді зейнеткер Марал Ақбаева. 

Жәрмеңкеде азық-түлік, көкеніс, ет және ет өнімдері алдын ала бекітілген бағада сатылуда. Мысалы, картоп, қырыққабат, сәбіз, пияздың килограммы 60 теңгеден. Күнбағыс майының 5 литрі– 1800 теңге, бал- 1500 теңгеден басталады. Жәрмеңкеге келушілерге "Шаңырақ" мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымдары мерекелік бағдарлама ұсынуда. Жәрмеңке екі күнге жалғасады, 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар