Елордада тегін емдік дәрілердің тізімі 30% ұлғайды - Жаңалықтар | BNews

Елордада тегін емдік дәрілердің тізімі 30% ұлғайды

09 қаңтар, 17:29 1132 Астана
Елордада тегін емдік дәрілердің тізімі 30% ұлғайды

Қалалық әкімдік медициналық тегін жәрдемнің кепілді көлемі шеңберінде, амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз ету туралы ақпаратты таратты, деп хабарлайды BNews.kz.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында неліктен Астанада тегін препараттардың тізімі 30% ұлғайғандығы түсіндірілген.

«Астанаға бөлінген 2018 жылғы республикалық бюджеттен 7,6 млрд теңге көлемінде 119 мың науқасты қамтамасыз ету үшін лимит бөлінді, сол себепті тегін препараттардың тізімі 30% ұлғайды және Астана қаласындағы емханалар берген өтініштің бюджеті 12 млрд теңгені құрады, соған сай бюджеттің жетіспеушілігі 4,4 млрд теңгені құрайды», - делінген қалалық денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында. 

2017 жылы тегін амбулаториялық қамтамасыз ету шеңберінде жазып берілген және 8,7 млрд теңгенің емдік препараты игерілді, алайда бұл Астана қаласы тұрғындарының сұранысын толығымен қамти алмады. 2017 жылы 98,5 мың адам қамтамасыз етілді, бұл 2016 жылға қарағанда 8,5 мың адамға көп. 

Бүгінде «СК-Фармация» (әрі қарай «СК-Фармация» ЖШС) жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен емханалар арасында дәрілерді кешіктіріп жеткізу қаупіне байланысты халықты амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша келісімшарт жасалған жоқ.   

Емдік дәрілерді кешіктіріп жеткізуді болдырмау үшін «Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі халықтың диспансерлік тобын қажетті емдік препараттармен қамтамасыз ету бойынша (2017 жылдың лимит шегіне дейін) 2018 жылдың қаңтар айының соңына дейін тиісті шараны қолдануда.   

«СК-Фармация» ЖШС қоймада жатқан емдік препараттарды өз уақытында жеткізбейтін болса, қала емханаларында мәселен сындарлы жағдайда Астана қаласы тұрғындарының әлеуметтік наразылығын тудыруы мүмкін. 

Амбулаторлық дәрілермен қамтамасыз етудің шығыны азайту мен дәрілік заттардың қолжетімді болуын жоғарылату үшін «МФК «Гиппократ» ЖШС дәнекер болудан бас тартуына байланысты емдік дәрілерді мемлекеттік емханалардың дәріханасы арқылы беру туралы шешім қабылданды. Аталмыш шара халықты дәрімен қамтамасыз етуге және бюджетті бір миллиард теңгеге дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары