Елордада «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өтуде  

07 желтоқсан, 2017, 12:14 1723 Астана
Елордада «Тең мүмкіндіктер жолы» республикалық акциясы өтуде  

Астанада 700-ден астам автобус траппен жабдықталған, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері, Жолаушылар тасымалы басқармасы және Астана қаласының Көлікті бақылау инспекциясымен бірлесіп, мүмкіндігі шектеулі адамдарды отырғызу және түсіру функциясы бар (пандустар және т.б.) автобустардың нақты санын анықтау мақсатында рейд жүргізді.

Полиция қызметкерлері қалалық бағдарларда қызмет көрсететін №1 автобус паркінде (Пушкин көшесі бойынша) қоғамдық көліктерді бағытқа шығарар алдын рейд өткізді. Тексеріс барысында автобустарда пандустардың бар немесе жоқтығы және олардың жарамдылығы анықталды.  

Бүгінгі таңда қала ішіндегі бағыттар бойынша 1125 автобус қызмет көрсетеді (сонымен қатар, жоспарлы шығу 878 бірлікті құрайды), оның ішінде арбада жүретін мүгедектердің кіруі мен шығуына ыңғайлы болу үшін 729 автобус жиналмалы құрылғымен (трап) жабдықталған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар