Елордада үш жаңа Work орталығы ашылады 

21 қаңтар, 2019, 20:06 1676 Астана
Елордада үш жаңа Work орталығы ашылады 

Work орталығынан қалай жұмысқа орналасуға болатынын, сондай-ақ жастарға арналған қандай әлеуметтік қолдаулар бар екенін анықтауға болады.

Жыл аясында қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы "Жастар тәжірибесі" бағдарламасы бойынша 1 мың студентті жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада қалай жұмысқа орналасуға болады, сондай-ақ жастарға арналған қандай әлеуметтік қолдаулар бар екенін Work орталығынан анықтауға болады. Ақпараттық пункт – Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы мен Сарыарқа ауданы әкімдігі аппаратының пилоттық жобасы.

Қалада 2018 жылдың 27 желтоқсанынан бастап Гете көшесі, ескі вокзал ауданында орналасқан алғашқы орталық жұмысын бастады. "Тұлпар" сауда үйі, "Шапағат" және "Саянұр" базарлары ауданында тағы да бірнеше нысан орнату жоспарлануда.

"Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ директорының орынбасары Данияр Нұрпейісовтің айтуынша, мұндай орталықтар қажетті ақпаратты жылдам алуға көмектеседі. Мұнда кез келген адам жұмыс іздеушілер үшін мемлекеттік қолдау шаралары туралы біле алады. Мысалы, жастар кеңес алу үшін "Жастар тәжірибесі" бағдарламасына қатыса отырып, мамандығы бойынша алғашқы жұмыс тәжірибесін ала алады. Ол үшін үміткерлер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс: мамандығы бойынша үш жыл жұмыс істемеген колледж немесе жоғары оқу орынының дипломды түлегі болуы қажет, сондай-ақ ол 29 жастан аспауы тиіс.

Жұмыспен қамту орталығымен қатар, ниет білдірушілер енді Work орталығына өтініш бере алады. Өтініш беру сызбасы бұрынғыдай. Студент орталыққа келіп, өтініш беріп, enbek.kz тұғырнамасына тіркеледі.

"Жұмыс берушілердің үлкен базасы студенттерге бағытталған қызмет бойынша, сондай-ақ сұранысқа ие мамандықтар бойынша тәжірибе ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әр айдың 25 жұлдызына дейін біз мониторинг жүргіземіз, жұмыс беруші жас маманның жұмыс істеген сағаттары көрсетілген табельді ұсынады. Бұл жерде айта кетерлігі, түлектердің көпшілігі тәжірибе орындарында тұрақты түрде жұмысқа қалады", – деп толықтырды Данияр Нұрпейісов.

Бүгінде "Халықты жұмыспен қамту орталығы" базасында 5 мыңға жуық жұмыс беруші тіркелген. Сұранысқа ие мамандықтардың ішінен педагогтар, тәрбиешілер, дәрігерлер мен санитарлар, сондай-ақ құрылыс саласының бос орындары танымал.

Work center 8:30-дан 18:00-ге дейін ашық.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар