Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады - Жаңалықтар | BNews

Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады

05 ақпан, 12:44 664 Астана
Елордада жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан отырғызылады

Елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында орналасқан.

Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Саналы Азамат" жобасы аясында, 2018 жылдың соңына дейін "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" атты экологиялық акцияны өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

2018 жылдың алғашқы күндерінен бастап елорданың денсаулық сақтау нысандарының перзентхана бөлімдері дүние есігін ашқан нәрестелерге ішінде отырғызылған ағаштардың сызбасы мен құттықтау буклеттері бар конверттерді табыстауда. Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу мен денсаулық сақтау басқармасы бірлесіп жүзеге асырып жатқан "Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы қоршаған ортаны қорғауға, тарихи дәстүрді сақтауға шақыруды, экологиялық білімді іс жүзінде насихаттауды, өскелең ұрпақтың қоршаған ортаға, саламатты өмір салтына деген сүйіспеншілік сезімін оятуды, қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруды, жастарды ел ертеңі үшін игі істер жасауға шақыруды көздейді.

Экологиялық акцияны ұйымдастырушылардың ақпаратына қарағанда, елордада туған нәрестелердің құрметіне отырғызылған көшеттер "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында орналасқан. 

"Экологиялық науқанға дайындық 2017 жылы басталды. Оның аясында құттықтау хаттарын, нөмірлері бар ағаштардың орналасу схемаларын әзірлеу, "Астана қаласының жасыл белдеуінің" аумағында 4-5 жыл бұрын отырғызылған биіктігі бір метрге жуық көшеттер бар учаскелерді анықтау сияқты жұмыс атқарылды", - деп мәлімдеді Астананың табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. 

"Жаңа туған әр нәрестеге бір ағаштан" акциясы аясында Астана қаласының №1, №2, №3 Перинаталды орталықтарында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына 1704 құттықтау хаты тапсырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары