Елордада "Жеке жауапкершілік" жобасы әзірленуде - Жаңалықтар | BNews

Елордада "Жеке жауапкершілік" жобасы әзірленуде

02 наурыз, 15:52 2358 Астана
Елордада

Жобаның жеті бағытының бірі мемлекеттік мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру.

Астана қаласы әкімдігі мен ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп "Астана – адалдық алаңы" жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жобаның негізгі міндеттері - тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін одан әрі дамыту мен жемқорлық мәселесін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру арқылы шешу, тұрмыстық жемқорлықты жою болып табылады.

Жобаның стратегиялық бағыты Астанада қызметтердің барлық бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды арттыру және болашақта осы тәжірибені аймақтарда да қолдану.

Жобаның жеті бағытының бірі мемлекеттік мекеме басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру.

Екінші тоқсаннан бастап, пилоттық режимде жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары жаңа құжатты қарастырады, ол өзіне сенім артылған мемлекеттік органда жұмысты жақсартуға міндеттеледі.

2018 жылдың аяғына дейін осындай жаңашылдық барлық мемлекеттік мекемелерге енгізіледі.

Осыған байланысты, "Жеке жауапкершілік" жобасының құжаты әзірленді.

Құжат жобасын жан-жақты қарау және қоғам пікірін білу үшін қоғамдық талқыға салынады. 

Ұқсас жаңалықтар

`