Елордадағы көмір қоры 11 мың тоннадан асады

24 қазан, 2018, 13:09 1621 Астана
Елордадағы көмір қоры 11 мың тоннадан асады

Осы жылдың 1 тамызынан 22 қазанға дейін 162,9 мың тонна көмір сатылды.

Астанаға 15 вагон немесе 1042 тонна көмір жеткізілген, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

23 қазандағы жағдайы бойынша "көмір сатылатын жерде" көмірдің жалпы қоры 11 453,42 тоннаны құрайды. Оның ішінде 13 вагон немесе 902 тонна Шұбаркөл, 2 вагон немесе 140 тонна Қаражыра маркасының көмірі.

"Көмір түрлері мынадай бағада сатылуда: Шұбаркөл - тоннасына 13 500-14 500 теңге, Қаражыра - тоннасына 14 000 теңге, Майкөбе - тоннасына 12 000-12 500 теңге, Богатырь көмірі - тоннасына 8500-9500 теңге. Кузнецкий – тоннасына 12 000-12 500 теңге. Осы жылдың 1 тамызынан 22 қазанға дейін 162,9 мың тонна көмір сатылды", - делінген таратылған хабарламада.

Ал 22 қазанда 599,24 тонна көмір сатылған.  Астана қаласы әкімдігінің көмір нарығындағы жағдай күн сайын бақыланады және үнемі қадағаланады. "I-Kөмек 109" негізінде тұрғындарға арналған жедел желі құрылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар