Елордаға Қарағанды және Қызылорда облыстары мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі

03 қазан, 2018, 17:09 3944 Астана
Елордаға Қарағанды және Қызылорда облыстары мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі

Оның ішінде ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, көкөніс пен жеміс-жидек бар.

Қарағанды және Қызылорда облыстары жәрмеңкеге мың тонна шамасында ауылшаруашылық өнімдерін әкеледі. Осы демалыс күндері Астана қаласының 20 жылдық құрметіне Қарағанды және Қызылорда облыстары шаруаларының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер жалпы алғанда шамамен 1000 тонна өнім әкелуді жоспарлап отыр, соның ішінде ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, көкөніс пен жеміс-жидектер бар.

Жәрмеңке әдеттегідей "Қазақстан" СК жанындағы алаңда өтеді. Онда ауылшаруашылығы тауарын өндірушілер және жауапкешілігі шектеулі серіктестер өз өнімдерін әкеледі. Жәрмеңке аясында бауырсақ және қымыз фестивалі сондай-ақ, облыстардың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар