Елордалық №2 автобус паркі қызметкерлеріне 12 млн теңге көлемінде қарыз болған

11 Января, 2019, 20:08 1600
Елордалық №2 автобус паркі қызметкерлеріне 12 млн теңге көлемінде қарыз болған |  | BNews.kz

Қызметкерлердің жалақысы прокуратура араласқан соң төленді.

Астана қаласының прокуратурасы "№2 автобус паркі" ЖШС өзінің қызметкерлеріне 12 млн теңге көлемінде қарыз болғанын анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

"Ден қою шаралары негізінде 128 қызметкердің еңбек құқықтары қалпына келтіріліп, оларға 12 млн теңге көлемінде жалақы төленді", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінде атап өткендей, кінәлі тұлғалардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осыған ұқсас тағы бір дерек "Байқоңыр" ауданы прокуратурасы жүргізген кезекті іс-шара барысында анықталды. Белгілі болғандай, құрылыспен айналысатын кәсіпорынның иесі еңбек шартын жасамай, ұзақ уақыт бойы 54 қызметкерге жалақы төлемеген.

"Аудан прокуратурасының талабы бойынша қызметкерлермен тиісті шарттар жасалып, 3,5 млн теңге көлемінде жалақы бойынша берешек төленді", - делінген баспасөз қызметінде.

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13868

Похожие новости