Елордалық кардиологтар алғаш рет жасанды жүрек салды - Жаңалықтар | BNews

Елордалық кардиологтар алғаш рет жасанды жүрек салды

07 желтоқсан, 11:52 1605 Астана
Елордалық кардиологтар алғаш рет жасанды жүрек салды

Елімізде 19 қазан күні алғаш рет жасанды жүрек импланты салынған емделуші оңалу курсынан өтіп, жақын күндері ауруханадан шығуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Астанадағы Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлім болды. Дәрігерлердің айтуынша, 60 жастағы Құнанбай Абраевтың жағдайы қалыпты, ешқандай ауытқулар жоқ. Енді мамандар алдағы уақытта тағы осындай 4 операция жасамақ. Ал бірегей жасанды аппаратты «Кармат» француз компаниясы мен Еуропалық аэроғарыш концерні бірлесіп шығарған. Ол жүректі толығымен алмастыра алады. Мақсат - донор табылғанша емделушінің өмірін ұзартып сақтау. Ал бір жасанды жүректің құны - 1 миллион еуро.

Құнанбай Абраевтың жұбайының айтуынша оның денсаулығы бірқалыпты.

«Соңғы жарты жылда оның аяғы ісіп жүре алмаған. Біз Құнанбайды осында арбаға отырғызып әкелдік. Ал операциядан кейін жағдайы жақсарды. Қазір тамаққа тәбеті жақсы, ұйқысы да тыныш»- деді ол.

Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының төрағасы Юрий Пяның айтуынша бұл емделушіге үміт сыйлау.

«Бұл - жай ғана жасанды жүрек емес, бұл емделушілерге үміт сыйлау. Өйткені оның қасиеттері адам ағзасының қалыпты жағдайдағы жұмысына сай келеді»

Алдағы уақытта осындай бірнеше операция жасалмақ.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары