Елордалық мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне екінші ауысымда да сабақ болмайды

07 ақпан, 2019, 11:57 8423 Астана
Елордалық мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне екінші ауысымда да сабақ болмайды

Аталған білім беру мекемелерінде сабақ болмайтынын қалалық Білім басқармасы хабарлады.

7 ақпан күні Астана қаласындағы мектеп оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін екінші ауысымда да сабақ өткізілмейді, деп хабарлайды BNews.kz.

"07.02.2019 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымдағы 0-11 (12) сынып оқушыларына және колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ болмайды", - деп хабарлады қалалық Білім басқармасында.

Бұған дейін жоғарыда аталған астаналық білім алушылар үшін бірінші ауысымда сабақ өткізілмейтінін хабарлаған болатынбыз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар