Елордалық мектептерде қамқоршылық кеңестердің жұмысы күшейтіледі - Жаңалықтар | BNews

Елордалық мектептерде қамқоршылық кеңестердің жұмысы күшейтіледі

16 наурыз, 2018, 11:09 3274 Астана
Елордалық мектептерде қамқоршылық кеңестердің жұмысы күшейтіледі

№ 54 мектеп-лицейінде қала әкімі Әсет Исекешевтің қатысуымен қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Қамқоршылық кеңес құрамына танымал қоғам қайраткерлері мен ата-аналар кіреді. Қамқоршылық кеңестің тиімді жұмыс істеу моделі таңдалып, болашақта Астана қаласының барлық мектептеріне таратылатын болады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Қазіргі күнде осы мектеп-лицейде қамқоршылық кеңестің моделі жасалып жатыр, болашақта қаламыздың барлық мектептеріне енгізу жоспарлануда. Ол үшін мен жұмыс процесін терең түсініп, жүйелі шешімдер қабылдау үшін өзге де мектептердегі қамқоршылық кеңес отырыстарының жиынына қатысамын", - деді әкім. 

Қамқоршылық кеңестін төрағасы болып қоғам қайраткері Мұрат Әбенов сайланды. Сондай-ақ, елорда мектептерінің жағдайын жақсарту идеясын саясаттанушы Саясат Нұрбек, Назарбаев Университеті, Зияткерлік мектептердің өкілдері, РФММ, БИЛ өкілдері және қаламыздың кәсіпкерлері қолдады. Қамқоршылық кеңес құрамына ата-аналар да кіре алады.

Кездесуге қатысушылар жаңа органның өзектілігін түсіндірді: биыл астаналық мектептерді жан басына қаржыландыру жоспарланған. Бұл өз кезегінде оқу орындарының материалдық дербестік жағдайын жасауға мүмкіндік береді. Бұл қоғамдық қадағалау қаражаттың тиімді игеруін қамтамасыз ететін болады.

Кездесудің қорытындысы бойынша қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері мен мүмкіндіктері айқындалып, оларды жүзеге асыру жолдары қарастырылды.

"Біз елордалық мектептерге қалай, қай жағынан көмек беретінімізді анықтап алуымыз керек. Басты мақсат балалардың оқу қабілетін жақсартып, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Біз бұл мәселеде оларға қалай көмектесуіміз мүмкін, соны анық білгеніміз жөн", - деді Исекешев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар