Елордалық "Нұрсая" тұрғын үйін полицейлер қоршауға алды - Жаңалықтар | BNews

Елордалық "Нұрсая" тұрғын үйін полицейлер қоршауға алды

24 сәуір, 11:30 1785 Астана
Елордалық

"Нұрсая" тұрғын үйіндегі кафелердің бірінде күдікті сөмке табылды.

Астанадағы "Нұрсая" тұрғын үйінде орналасқан кафелердің біріндегі қызметкерлер иесіз сөмке тауып алып, полиция қызметкерлерін шақырған. Аталған орынға келген саперлер мен кинологтар бригадасы ғимаратты тексеріп шықты. Алайда кафеден ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ, деп хабарлайды BNews.kz.

Астана қаласы ІІД-нің ресми өкілі Софья Қылышбекова ешқандай қылмыстық іс болмағанын атап өтті.

"Қызметкерлер иесіз сөмке тапқан. Жарылғыш заттың бар-жоғын тексерді. Тұрғын үй күдікті зат табылған жағдайдағы нұсқаудыққа сәйкес қоршауға алынды. Ешқандай қылмыстық іс болған жоқ. Полиция қызметкерлері нұсқаулыққа сәйкес жан-жақты тексеру жұмыстарын жүргізді", - деді Софья Қылышбекова.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары