Елордалық полицейлер жол жүру ережесі бойынша жедел іс-шара өткізді

27 қараша, 2018, 10:49 1728 Астана
Елордалық полицейлер жол жүру ережесі бойынша жедел іс-шара өткізді

Шара барысында 900-ге жуық жол жүру ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Астана қаласы ПД Жергілікті полиция қызметі елорда аумағында "Мас жүргізуші – қылмыскер" жедел алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды BNews.kz Елорда Инфо-ға сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шараны көлік құралын мас күйінде басқаратын тұлғаларды анықтау мақсатында іс-шаралар көптеп өткізілетін аумақтарда және демалыс орындарында, ойын-сауық мекемелері мен басқа да қоғамдық орындарда патрульдеу ұйымдастырылды.

"Жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша 900-ге жуық жол жүру ережелерін бұзу фактілері анықталды. Оның ішінде, 22-сі жүргізушілердің көлік құралын масаң күйде басқаруы бойынша, 180-ге жуығы жол белгiлерiмен немесе жолдың жүру бөлiгiндегi таңбалармен көрсетiлген талаптарды сақтамауы бойынша, 20-дан астамы жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін пайдалану ережелерін сақтамағаны үшін, 55-тен астамы тұрақ ережелерін бұзу бойынша, 20-ға жуығы жүргізушілердің көлік құралдарын тиісті құжаттарсыз басқаруы бойынша, 100-ден астамы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін бұзу және т.б. құқықбұзушылықтар анықталды", - делінген хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар