Елордалық спортшылар таэквондодан Ашық Азия чемпионатында жоғары нәтиже керсетті

12 қыркүйек, 2018, 09:49 1854 Астана
Елордалық спортшылар таэквондодан Ашық Азия чемпионатында жоғары нәтиже керсетті

Олар 12 медаль жеңіп алды.

Атырауда Азия құрлығының спортшылары арасында таэквандодан І Ашық чемпионат аяқталды. Рейтингтік турнирге түрлі мемлекеттерден 300-ден аса спортшы қатысты, деп хабарлайды BNews.kz қалалық Мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Жарыста Астананың атынан Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорт шеберлігі мектебінің  тәрбиеленушілері мен "Жігер" спорт клубының атлеттері күш сынасты. Елордалық спортшылар жарысты жақсы нәтижемен аяқтады. Чемпионат қорытындысы бойынша астаналық таэквондошылар 12 медаль олжалады.  

МЖСШМ спортшылары Ашық Азия чемпионатынан елге алты жүлдемен оралды. Меруерт Көпболсынова мен Эльдар Биримбай алтын алса, Айнагүл Батыр, Ботагөз Қосмағамбет пен Әлішер Бесембай күміске қол жеткізді. Сапарғали Әбдірашев қоланы қанағат тұтты.

"Жігер" спорт клубының 6 спортшысы жарыста үздік нәтижелер көрсетті. Әли Қайырғалиев, Снежана Кан, Филия Ковба чемпион атанса, Аделя Құрманова мен Наргиз Ғазиз екінші орын алды, Венера Жаркей қола жүлде иеленді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар