Елордалық студенттер мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен кеңес алады

27 қараша, 2018, 15:13 1683 Астана
Елордалық студенттер мемлекеттік мекеме қызметкерлерінен кеңес алады

Іс-шара мақсаты – жастарға қазіргі таңда іске асырылып жатқан "7-20-25", шағын және орта бизнесті қолдау, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру.

Шара барысында жастарға мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысуға болатыны түсіндіріледі, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Астана жастары" ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 28 қарашада жергілікті атқарушы органдар өкілдерінің қатысуымен консультациялық көмек көрсетуге бағытталған шара өтеді.

Іс-шара мақсаты – жастарға қазіргі таңда іске асырылып жатқан "7-20-25", шағын және орта бизнесті қолдау, Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы сияқты мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, жеке сұрақтар бойынша жастарға консультациялық көмек көрсету.

Әр студент "Астана әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КАҚ, "Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қоры" АҚ, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ, Астана әкімдігінің "Астана жастары" КММ, "Медиация дамыту орталығы" РҚБ, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ, Астананың мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің көмегіне жүгініп, өзін алаңдатқан сұрақтарға жауап ала алады.

Сондай-ақ, шараға кәсіби заңгер мен психолог қатысатын болады. Консультациялық шара Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар