​​​​​​​Елордалықтарға 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге 51 жекеменшік клиника өтінім берді

26 желтоқсан, 2018, 12:17 2443
​​​​​​​Елордалықтарға 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге 51 жекеменшік клиника өтінім берді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалына 2019 жылы медициналық қызмет көрсету үшін келісімшартқа отыруға 89 емдеу мекемесі өтінім берген.

Астана тұрғындарына 2019 жылы тегін медициналық қызмет көрсетуге 51 жекеменшік клиника өтінім берді, деп хабарлады "Әлеуметтік медициналалық сақтандыру қоры" КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жыл сайын емдеу мекемелерімен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында халыққа қызмет көрсететін медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасайды. Осы келісімшарттар негізінде емдеу мекемелері халыққа тегін медициналық қызмет көрсетеді. Ал көрсетілген қызмет ақысын Медициналық сақтандыру қоры төлейді.

"Қазіргі таңда Қордың Астана қаласы бойынша филиалына 2019 жылы медициналық қызмет көрсету үшін келісімшартқа отыруға 89 емдеу мекемесі өтінім берген. Олардың 51-і жекеменшік, соның ішінде 11 жекеменшік клиника жаңадан, яғни медициналық қызмет жеткізуші ретінде алғаш өтінім бергендер", - дейді ӘМСҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.

Бұған дейін Астана қаласында №9 қалалық емхана базасында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ, Астана қалалық денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ қаладағы медициналық қызмет көрсету мекемелерінің өкілдері бас қосып, көрсетілетін медициналық қызметтер, оларға ақы төлеу, медициналық қызметкерлердің біліктілігін арттыру және 2019 жылы аймақтық деңгейде медициналық қызмет көрсету мәселелерін талқылаған болатын.

Өз кезегінде сөз алған Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Астана қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Рысқалиұлы Қабдықапаров емдеу мекемелерінің өкілдерін "2019 жылға аймақтық деңгейде медициналық қызметтердің көлемін орналастыру рәсімін жүргізуге, нақтырақ айтқанда, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген денсаулық сақтау субъектілері арасында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көлемін орналастыру рәсімін өткізуге белсенді атсалысуға" шақырып, емдеу мекемелерінде болатын кез келген өзгерістерді (қайта құру, тарату, бағытын/саласын өзгерту) алдын ала хабарлауды ескертті.

Еске сала кетсек, медициналық сақтандыру Қоры тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  пакеттері және үкімет белгілеген шеңберде тұрғындар үшін қызметтерді сатып алушы қаржы операторы болып табылады. Яғни, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет сапасы – Қор бақылауында.

Ал қаражат Үкімет пен Денсаулық сақтау министрлігінің денсаулық сақтау саласының басымдық берілген бағыттарын дамыту, пациенттерге көрсетілетін медициналық қызмет сапасы мен қолжетімділігін, азаматтардың емдеу мекемесін таңдау құқығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ескере отырып бөлінеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #медицина #сақтандыру

Читайте также

Похожие новости