Елорданың 20 жылдығына орай "Биле, Астана!" байқауының жаңа маусымы басталды - Жаңалықтар | BNews

Елорданың 20 жылдығына орай "Биле, Астана!" байқауының жаңа маусымы басталды

06 ақпан, 16:48 931 Астана
Елорданың 20 жылдығына орай

Би байқауына студенттер мен оқытушылар қатысады.

29 қаңтар күні Астанада жастардың бос уақытын тиімді өткізу, психикалық белсенді заттарды тұтынуға жол бермеу, нашақорлықтың алдын алу мақсатында студенттер және институт қызметкерлері арасында хореография және заманауи би түрлерін дамыту және насихаттауға арналған "Биле, Астана!" би жобасының V маусымы бастау алды. Биылғы жоба Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Үш апта ішінде студент-хореографтар барлық тілек білдірушіге әртүрлі би бағытын үйретеді. Шараны Еуразия гуманитарлық институты, Астана қаласы ІІД-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті бірлесіп өткізуде.

Ал, 16 ақпан күні сағат 15:00-де Еуразия гуманитарлық институтында жарыстың финалдық кезеңі өтеді. Онда әр команда "Қазіргі заманғы би" және "Оқытушымен би" номинациялары бойынша институттың барлық кафедрасы өзінің өнерін көрсетеді.

Жобада үздік деп танылған жұптарды ұсынған кафедралар "Үздік қазіргі заман биі", "Оқытушымен үздік би", "Би алаңының патшасы", "Жыл үздігі", "Танымал шоу" атты дипломдармен және финалдық қорытынды бойынша "Жоба жеңімпазы" номинация бойынша Кубок табысталатын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары