Елорданың Байқоңыр ауданында 57 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

23 қараша, 2018, 11:57 2732 Астана
Елорданың Байқоңыр ауданында 57 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

Аталған құрылыс компаниялары қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзған.

Астананың Байқоңыр ауданында 57 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқоңыр ауданының табиғатты қорғау полициясы құрылған сәттен бастап (2018 жылдың 1 қазаны) қазіргі уақытқа дейін қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін инспекторлар 176 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, 1 310 725 теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарылды. Оның 751 562 теңгесі өтелген.

"Бекітілген аумақтарды қарау кезінде табиғатты қорғау полиция қызметкерлері аудандық әкім аппаратының мамандарымен бірлесе отырып, құрылыс алаңдары мен учаскелердің қаланы абаттандыру ережелерінің талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру жұмыстарын үнемі жүргізеді. Іргелес аумақтардан қарды, мұздақтарды, қоқыстарды уақытылы жинамағаны және шығармағаны, құрылыс аумағынан тыс құрылыс материалдарын жинағаны, қоршаудың және нысанның құрылыс паспортының болмауы, үлкен жүк автокөлігінің дөңгелектерін жуу пункттерінің жоқтығы үшін 57 құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 986 050 теңгені құрайды", - делінген баспасөз хабарламасында. деп мәлімдеді аудан әкімдігінің баспасөз қызметінде.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, белгіленбеген жерде қар, қоқыс, бетон, балшық төккені үшін жыл басынан бері 43 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, Астана қаласы Полиция департаменті басшылығының тұрақты бақылауында болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар