Елорданың жас туристері мен құтқарушылары үздік атанды

Написать нам
18 шілде, 2018, 18:10 1696 Астана
Елорданың жас туристері мен құтқарушылары үздік атанды

Республикалық байқау жеңімпаздары бірнеше кезеңнен сүрінбей өтті.

9-13 шілде аралығында Ақмола облысындағы Көкшетау техникалық институтының базасында "Жас құтқарушы" балалар мен жасөспірімдер республикалық байқауы өтті. Астана қаласының намысын қорғаған "Жас туристер мен құтқарушылар" бірнеше аталым бойынша жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Жас құтқарушы" байқауы "Таныстыру", "Қабырға газеті", "Алғашқы көмек көрсету", "Авариялық-құтқару жұмыстары", "Іздестіру-құтқару жұмысы", "Өрт эстафетасы" және "Су айдынында құтқару жұмыстары" сияқты жарыстардан тұрды.

Астаналық "Жас туристер мен құтқарушылар" командасы осы сайыстардың "Қабырға газеті" мен "Алғашқы көмек көрсету" кезеңдерінде топ жарды. Сондай-ақ,  жастар "Үздік киім үлгісі" аталымы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар