Елорданың жедел жәрдем дәрігерлері Израильде біліктілігін арттырды

04 тамыз, 2018, 13:05 3130 Астана
Елорданың жедел жәрдем дәрігерлері Израильде біліктілігін арттырды

Оқу барысында астаналық мамандар Тель-Авивтегі ауруханаға барып, израильдік әріптестерінің жұмысымен танысып қайтты.

28 шілде мен 3 тамыз аралығында Астана қалалық жедел жәрдем станциясының 7 маманы Израильдегі ең үздік медициналық орталықтың бірі "Magen David Adomin Іsrael" ұлттық қызметінен біліктілігін жоғарылатудан өтіп келді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты. Аталмыш орталық Тель-Авив қаласында орналасқан және осы қаланың тұрғындарына (480 мың адам) жедел көмек көрсетеді. 

Бір аптаның ішінде астаналық жедел жәрдемнің қызметкерлері жедел медициналық жәрдемді ұйымдастырудағы өзекті мәселелер бойынша өздерінің біліктілігін көтерді. Сонымен қатар жедел көмек көрсетуде заманауи стандарттарды да қоса меңгерді. 

Оқу барысында астаналық мамандар Тель-Авивтегі ауруханаға барып, израильдік әріптестердің жұмысын көріп қайтты.

Израильдегі оқуы біткен соң астаналық жедел жәрдем станциясының қызметкерлеріне біліктілігін жоғарылату курсын оқып бітірді деген сертификат берілді.

Жыл соңына дейін тағы да 24 қалалық жедел жәрдем станциясының қызметкері Израильге біліктілігін жоғарылатуға барады.

Бүгінде Астана жедел жәрдем станциясы қаладағы алдыңғы қатардағы емдеу-профилактикалық мекемелердің бірі, мұнда жоғары сыныпты мамандар жұмыс істейді және заманауи құрал-жабдықтар мен емдік препараттары  бар.

Тәулігіне "103" пультіне елорда тұрғындары мен қонақтарынан 2500-ден астам қоңырау келіп түседі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар